Үйірмеге үйірлер көп...
Шымкент қаласы отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқармасының Жастар ресурстық орталығында 10 үйірме жұмыс істейді. Атап айтар болсақ, Кітап алмасу клубы, Актерлік шеберлік, «Stand UP» әзіл үйірмесі, «Sulu Models» модельдік агенттігі, «Бала асырап алушылар» мектебі тренинг сабақтары, Ағылшын тілі, Заманауи би, Хореография, «Ынтымақ» ансамблі. Бұлардың барлығына да қызығушылық танытатындар көп. Үйірмелер 14-29 жас аралығындағы жастарға арналған. Жыл басынан бері 20 мыңға жуық жас қамтылған. Әр үйірменің өз миссиясы бар. Жастар мұнда барлығына да тегін қатыса алады. Ағылшын тілін үйренуге қызығушылар басым. Қазіргі жастар үйренсем, білсем деген талпыныстары басым ғой. Сондықтан да барлық үйірмелерге келетіндер көп. Кітапқұмарлар да аз емес. Актерлік шеберліктің қыр-сырын үйренуге, би үйренуге, модельдік өнерді қалайтындар да осында. Қоғаммен байланыс және ақпараттық талдау бөлімі талантты жастарды қолдау шараларымен шұғылданады. Ел ішінде еленбай жүрген, танылмай қалған таланттарды қолдау шаралары жүргізіледі.
Үйірмеге үйірлер көп...
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode