«Аналар – шаңырақ шуағы»
Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің биылғы жылға жоспарлаған жұмыстары көп. «Аналар – шаңырақ шуағы» атты шараны Аналар кеңесі жыл сайын өткізеді. Оған қала аумағындағы барлық аудандардағы Аналар кеңесінің мүшелері де тыс қалмайды. Елімізде әйелдер ұйымдарының саны күн санап артқанымен аналардың басты миссиясы — ұрпақ тәрбиелеу бағытында жұмыс істеп жатқандары аз. Балқия Әбдіманапқызы ұрпақ тәрбиесі, қоғам тәрбиесі – ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің басты міндеті болуы тиіс екенін алға тартты. Балқия Көмекбаева жыл басынан бері кеңес мүшелерінің қатысуымен өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі өзекті мәселелер, неке бұзу үдерістерінің санын азайту, жастар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу, туыстық неке фактілерін болдырмау бағытында біршама іс-шара ұйымдастырылғанын айтты. «Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің құрылғанына биыл 6 жыл толып отыр. Құрылым осы уақыт ішінде отбасындағы ұрпақ тәрбиесі, татулық, мейірімділік пен бірлік секілді елдігіміздің тірегі болған құндылықтарды дамыту бағытында жұмыстар атқарды, — деді Б. Көмекбаева. Аналар кеңесінің биылға жоспарлап отырған жұмыстарының бастысы отбасылық құндылықты арттыру тақырыбында бірнеше кездесу ұйымдастыру болып отыр.
«Аналар – шаңырақ шуағы»
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode