Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі
Мырзахан Майлықараев 16 жасында Түркістан қаласынан соғысқа аттаныпты. Ол кісі мектепте оқып жүрген 14 жасында ата-анасының рұқсатын алып, өзіне екі жас қостырып, комсомол қатарына өтеді. 1942 жылы Ташкенттегі Гунагорск поселкесінде 3 ай радист-телеграфшы курсын оқиды. №83 гвардиялық-атқыштар дивизиясының құрамында Горох қаласын жаудан азат етуге қатысқаны үшін екінші-дәрежелі "Суворов" орденімен марапатталады. Орлов, Беларуссия, Балтық жағалауы майдандарына қатысып, 1944 жылы ауыр жарақат алса да ұрыста байланысты үзбей қызмет еткен ол ІІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен, "Кенигсбергті алғаны үшін", "Германияны жеңгені үшін" медальдарымен марапатталды. Елге сыйлы, салмақты, ашық мінезді, жайдары жан Мырзахан Майлықараев әр жылда Жеңіс күнін асыға күтетін. Ақсақал ұл-қыздарының, немерелерінің осы мейрамда дастарханда түгел болғанын қалайтын. Бейбітшілік жолында аянбаған атамыздың немересі Ғалия Орманова Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының ұлағатты ұстазы. Қазіргі уақытта патриоттық рухта шəкірттер тәрбиелеуде. «Отанын сүю отбасынан басталады. Отбасылық құндылықты құрметтеп өскен ұл мен қыз отанын да құрмет тұтады. Аталарымыздың ізгі мұраты да сол Отанды сүю» дейді ұлағатты ұстаз. Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі!
Ерлік елге мұра, ұрпаққа үлгі
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode