Іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда
Шымкент қалалық отбасы, балалар және жастар істері басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығы ауқымды жұмыстары атқарып келеді. Жастарға арналған, жас отбасыларды қолдауға арналған ерек жобалар жетерлік. Орталықың Аутрич, NEET жас отбасылармен жұмыс бөлімі әдеттегідей қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын атқара беретін болады. 2020 жыл басынан бері «NEET жастарды әлеуметтендіру» жобасы аясында жасөспірімдер мен кәмелет жасқа толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында 50 рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда. Түсіндірме жұмыстары жалғасын табатын болады. Шалғай орналасқан шағынаудандарда жастарға шахмат, кіші футбол ойындарынан 50 турнир, қаладағы ірі және ұсақ сауда орындары, көлік жуу орындары, тағы басқа «ыстық» нүктелерде NEET санатына жататын жастарға мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіру мақсатында 50 акция жұмысы ұйымдастырылады.
Іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode