Отбасылық құндылықтар легі осылайша өрбіді
"Менің атам майдангер" атты естелік айту онлайн форматта керемет әсерлі өтті. Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты №122 Ақжар жалпы орта білім беретін мектебінде ұйымдастырылған ," Менің атам майдангер " тақырыбындағы іс -шарада өз аталарын мадақтаған кішкентай оқушылармен әрленді . Атап айтсақ , 3-сынып оқушысы Бастарбек Дәулет атасы Байдуллаев Тұрсынбектің ерлігін, Исламбек Жанерке атасы Байбеков Өмірәлінің ерлігін, 6-сынып оқушысы Әбдіхалы Айнара майдангер атасы Қожахметов Сүйінқараның ерлігін ертегідей елітіп тыңдап, 7-сынып оқушысы Перне Нұрсая ардагер атасы Тасқараев Перненің ерлігін тыңдап ,бойларына ерлердің естелігін сіңіріп, рухани азық ала білді. Ата-бабаларынан жалғасып келе жатқан отбасылық құндылықтар легі осылайша өрбіді.
Отбасылық құндылықтар легі осылайша өрбіді
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode