Ескерткішке гүл шоқтарын қойды

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Ескерткішке гүл шоқтарын қойды

Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты Ж. Аймауытов атындағы N64 мектеп-гимназиясының 1"Д" сынып оқушысы Сапарғали Абдурахман Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету үшін отбасымен бірге Түлкібас ауданы, Керейт ауылындағы Ардагерлер алаңына барып, "Ұлы Отан соғысы" ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жыр арнады. Бала бойына елдік пен ерлік рухын сіңіріп, отансүйгіштікке баулып, отбасылық құндылықты ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруды дәріптеп отырған Абдурахманның ата-анасына мектеп ұжымы алғыс білдірді . Абдурахман болашақта жігерлі де намысты азамат болып өсетінінен бек үмітті.