Ұлттық ұстаным - басты ұстын
Әрбір отбасының өз құндылықтары болады. Алған тәлім тәрбиесіне, көрген өнегесіне орай құныдылықтар қалыптасады. Ол құндылықтар ежелден қалыптасқан немесе заманауи құндылықтар болуы мүмкін. Адамдар отбасылық құндылықтарды құрметтеудің арқасында бір — бірімен ортақ тіл таба алады. Дәстүрлі отбасылық құндылықтар яғни, қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл — кеңестері тұнып тұрған өсиет, қазына деуг болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі. Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез — келген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады. Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт — дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ұстанымдардың өзгеруі заманның өзгеруіне байланысты. Ата-бабамыздан келе жатқан отбасының іргесі мықты болуы үшін ақылы дария аналарымыз қыздары мен келіндеріне жанясының қабырғасы сетінемеуі үшін барынша ақыл өсиетке тұнған ақылдарын айтып отырған. Соның арқасында ажырасу деген о заманда мүлдем болмаған. Бүгінгі күні де ақылы мен көрегендігі мол аналарымыздың жалғастары бүгінгі ұл қыздарымыз осы ұстанымды берік ұстанып келеді. Одан ұтылып жатқан ешкім жоқ. Есесіне әйел жесір, бала жетім болмайды. Шолақ ақылдың жетегінде кеткендердің әйтеуір күндердің күнінде бармақ шайнары айқын. Баланың көзі жасты болса ешбір ата-ана бақытты бола алмайды. Сондықтан да отбасы құндылығының басты ұстанымдарын ұстанған жөн.
Зейнегүл Көпбаева,
«Алтын алқа» иегері,
Шымкент қаласы
Ұлттық ұстаным - басты ұстын
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode