Психологиялық көмек көрсетеді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Психологиялық көмек көрсетеді

Шымкент қалалық отбасы, балалар және  жастар істері басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығы ауқымды жұмыстары атқарып келеді. Аталған орталықтың психологиялық көмек және күйзелістің алдын алу бөлімі салауатты өмір салтын қалыптастыру жолында жұмыс істейді. Қазіргі таңға дейін денсаулық сақтау мекемелерімен бірлесе жастар мен жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алу мақсатында 10 семинар-тренинг, жасөспірімдер арасында ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында бес кездесу, жастар арасындағы қылмыстың алдын алу жөнінде 5 кездесу ұйымдастырылды. Уақытша үзілістен соң алдағы уақытқа жоспарланған жұмыстар өте көп. Психолог мамандарының жеке қабылдауына 12 жас келіп қатысты. Алдағы уақытта қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындары, жалпы білім беру мекемелерінде жоғарыда аталған тақырыптар бойынша тұрақты түрде жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар жастар мен жасөспірімдер арасында топта және топпен тиімді жұмыс жүргізу, өз-өзіне сенімділік қабілеттерін арттыру, психодиагностика бағыттарында саябақтарда түрлі жаттығулар мен акциялар ұйымдастыру жоспарлануда. Жыл аяғына дейін аталған орталықтың жұмысы қыза түспек. Жастарға пайдасы зор іс-шаралар легі толастамайтын болады.