Ешкім де ұмытылмайды

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Ешкім де ұмытылмайды


Адамзат тарихындағы ең ауыр да Елімізге орасан зор ауыртпалықтар әкелген Ұлы Отан соғысының аяқталғанына міне 75 жыл.. Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандықтың символы, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі. Кешегі тарихын ұмытпаған елдің ғана болашағы жарқын болады. Бүгінгі бейбіт күнге жеткізген майдангерлеріміздің ерлігін Шымкент қаласы білім басқармасының Саз колледжі оқушылары тарихи сәттерден құралған бейнебаянмен жеткізуде. Сонымен қатар, студенттер патриоттық рухта тәрбиелеп жатқан отбасыларына, ұстаздарына алғыстарын жеткізді. Соғысты ерлік көрсеткен аталарын ұмытпай, еске алатындарын айтты. Олардың асқан ерлігі бүгінгі ұрпаққа рух беретінін, отанға деген сүйіспеншілігін арттыратынын тілге тиек етті. Өз кезегінде отбасылық құндылықтан бастау алатын рухани тәрбие тізбегі осылайша жалғасын таба беретініне сенімді екендерін қоса айтты.