Алғыс хаттар табыстады
Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай Шымкент қаласы Полиция департаментінің өздерін адамдардың өмірі мен денсаулығын, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға, жастар арасындағы қылмыстың алдын алуға арнаған жалпы 45 қызметкері марапатталды. Қала әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр "Бадам" блокпостында полицейлерді, дәрігерлер мен сарбаздарды құттықтап, "бүгін блокпоста жүргендердің" әрқайсысына қызметі үшін алғысын білдірді. Абай АПБ Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Ниязов Ердаутқа, Абай АПБ ЖПҚ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Сездұлы Сакенге, Абай АПБ-ның ювеналды полиция инспекторы полиция майоры Жүнісов Бағдатқа, Абай АПБ-ның қатардағы ювеналды полиция инспекторы Хамза Багустарға, Абай АПБ-ның жедел уәкілі Ілияс Бейсенбайға, Абай АПБ-ның жедел уәкілі Еркебұлан Алғабайға естелік сағаттар мен алғыс хаттар табыстады.
Алғыс хаттар табыстады
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode