Оң өзгерістерге себепші болды
Отан қорғаушылар күні қарсаңында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери және қызметтік борышын атқару кезінде, адам өмiрiн сақтап қалу үшін батылдық пен жанқиярлық көрсеткен, сондай-ақ, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, заңдылықты және қоғамдық тәртіпті сақтауға елеулі үлес қосқан әскери қызметшілер мен құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапатталды. Қаулыға сәйкес, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов полиция генерал-майоры шенін алды. Шымкент үшінші мегаполис атанғалы бері полиция департаментін басқарып келе жатқан су жаңа генерал-майоры Ералы Жұмаханбетов қаламызда оң өзгерістер орын алуына көп тер төкті. Ең алдымен ювеналды полицияға барынша көп өзгерістер енгізді. Әр мектептің алдында ювеналды полиция қызметкерлері қызмет көрсете бастады. Жаяу жүргіншілер жолағынан оқушылардың өтуін қадағалап, көмек көрсетті. Одан бөлек, жастар арасындағы қылмыстың төмендеуіне көп септігін тигізді.
Оң өзгерістерге себепші болды
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode