Орталықтың арнайы іс жоспарлары бар

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Орталықтың  арнайы іс жоспарлары бар

Шымкент қалалық отбасы, балалар және  жастар істері басқармасына қарасты Жастар ресурстық орталығының Жастарды қолдау және жастар ұйымымен жұмыс бөлімі мәдени, патриоттық сананы қалыптастыруға атсалысатын болады. Биыл  Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойлары аталып өтетеіндігі белгілі. Соған орай Жастар ресурстық орталығының арнай ыіс жоспарлары бар. Арнайы жоспарға сәйкес «Поэзия мінбері» іс-шарасы ұйымдастырылатын болады. Іс-шараның мақсаты – мәдениет және ақындық өнерге жақын жастарға қолдау көрсету. Олардың талантын ұштау. Ұрпақтар сабақтастығы аясында еліміздің дамуына елеулі үлес қосып, ерен еңбегі сіңген қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, танымал азаматтармен кездесулер ұйымдастыру жоспарланған. Мақсат – өскелең ұрпаққа аға буын өкілдерінің жеткен жетістіктерімен тәжірибелерімен алмасып, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану болып табылады. Бос уақыты тиімді пайдалану демек жастардың жаман жолға түспеуіне септеседі. Бұл өз кезегінде жастар арасындағы қылмыстың алдын алуға көп көмегін тигізері айқын. 4 маусым – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш!» тақырыбында арнайы акция ұйымдастырылатын болады. Шымкент қаласының тұрғындарына 500 жалауша тарату іс-шарасының мақсаты – жастардың бойындағы патриоттық сезімді ояту болып табылады.