«ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ - рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін шебер меңгерген білікті маман, өзін - өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға. Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты» Н. Назарбаев.
Шымкент қалалық білім басқармасына қарасты № 88 жалпы орта білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Асқарбаева Қаламхас Узбековна жаңалыққа жаны құмар, шығармашылыққа деген мотивтері жоғары болғандықтан, ол бірсарындылық пен біртүрлілікті қабылдамайды,
Жаңа заманға сәйкес педагогикалық қызмет көрсету аясы кеңейген уақытта шығармашыл мұғалім өзінің шеберлігін үнемі арттырып отырады, өзінің жетістіктерін жетілдіріп, педагогикалық жаңалықтар кешенінен қалмауды басты назарда ұстайды. Жаңа технологияларды меңгеру, қолдану арқылы өз ісінің нәтижелі болуына талпынады.
Қашықтықтан оқытуға көшкеннен бергі бір айдан аса уақыттың өзінде «Өрлеу» порталының «Педагогикалық технологиялар – оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған оқыту мен тәрбиелеу әдіс – тәсілдерінің тиімді жүйесі» тақырыбында ұйымдастырылған республикалық қашықтықтан оқыту іс – тәжірибесі конкурсына қатысып, бейне – ролигімен бөлісіп I дәрежелі дипломмен, мұғалімдерге арналған бәсекелестік бойынша бүкілресейлік талант сайысына қатысып «Мұғалімнің жобасы» номинациясы бойынша II дәрежелі дипломмен және «Әдістемелік даму» номинациясы бойынша I дәрежелі дипломмен, «Ұстаз тілегі» республикалық ғылыми – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мамыр» айында өткізілген республикалық «Бастауыш сынып» Блиц- турниріне қатысып I дәрежелі дипломмен, республикалық «Өрлеу» порталының ұйымдастыруымен 7- мамыр – Отан қорғаушылар күні және 9 – мамыр – Жеңіс күні мерекелеріне орай, «Ешкім де ұмытылмайды, ешнәрсе де ұмытылмақ емес» атты оқушылар арасында өткен байқауға орасан үлес қосқаны үшін Алғыс хатпен, Vpo.kz сайтының ұйымдастыруымен бастауыш сынып мұғалімдері арасында ұйымдастырылған республикалық онлайн – олимпиадада жүлделі I дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ізденімпаз ұстаз «Ізденген жетер мұратқа» деп біліктілігін арттыру мақсатында ҚР «Көшбасшы» оқу- әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Жаңартылған білім мазмұнында авторлық бағдарлама және әдістемелік құрал дайындау технологиясы» атты республикалық авторлық оқу курсына қатысып, ҚР «Көшбасшы» оқу- әдістемелік орталығы ұйымдастырған «Үздіксіз білім беру педагог – мамандар әлеуетін көтерудегі ғылыми – инновациялық әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыруға қолдау көрсетудің тиімді жолдары» атты республикалық онлайн – семинар тыңдаушысы болып қатысып, ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері Qaztest.kz сайты мен Абай атындағы ҚазҰПУ бірлесе ұйымдастырған I Республикалық бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған пәндік олимпиадаға «Қазақ тілі» пәні бойынша қатысып, www.nio.kz Республикалық Ұлттық Интернет Олимпиада сайты бастауыш сынып «математика» пәнінен ұйымдастырған қашықтық олимпиадасына қатысып және www.orleu.kz порталында онлайн еңбегі «Біз біргеміз, Біз үйдеміз» атты бейнеролигі жарияланып сертификаттар алды. Отбасымен бірге уақыт өткізу тамаша сәттерінен жасалған бейне үзінді расында керемет шыққан. Оқушыларының бойына патриоттық рухты сіңіріп, отбасылық құндылықтарды дәріптеп жүрген ұстаздың алар асу алда деген сенімдеміз.
Жаңа формация мұғалімі
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode