Ана - елдің ұйытқысы
Көпті көрген көнекөз, кейінгілерге айтар ақылы дария Әжелер кеңесінің төрайымы Бибізейнеп Кемелбековадан бір үзік сыр: «Баяғыдан ата өсиетін тыңдап, аталы сөзге тоқтаған елміз. Бір замандарда атаның айтқаны, әкенің пәрмені заң болған. Ана сол елдің ұйытқысы, ерінің ақылшысы бола білген. Міне, осы саралы дәстүрді жалғастыру мақсатында әжелер кеңесі құрылған. Әрі қазақы қаймағы бұзылмаған , ел іші екенімізді ұмытпайық деп бұрынғы салт-дәстүрімізді насихаттайтын байқаулар ұйымдастырып, сол жерде ана мен қыздың, ене мен келіннің рөлін көрсетеміз. Мағынаға толы қойылымдарымызды ұсынамыз, ұлттық құндылықтар — қол өнерімізді, төл мәдениетімізді, ән-жырымызды арнаймыз. Мұнан соң, келіндер сайысын, әжелер байқауын, қыз сынын жиі өткізіп тұрамыз. Осының өзі білгенге көп өнеге болары сөзсіз. Қоғамда орын алып жатқан құбылыстарды, келеңсіздіктерді жалғыз адам шеше алмайтыны секілді, бізде де әжелер кеңесінен бөлек қоғамдық кеңес, ақсақалдар кеңесімен бірлесе отырып мәселені шешуге атсалысатын кездеріміз жиі болады. Мәселен, көршілердің дауы, ерлі-зайыптылар арасындағы шиеленіс… кей жағдайда сотқа дейін жеткізбей, не болмаса сот алдында бәріміз бірге талқылап, ақыл-кеңесімізді айтатын кездер болады. Отбасылық құндылықты дәріптеп, барынша үлгі өнеге көрсетіп, жол сілтейміз. Отбасының іргесі сөгілмеуіне септігіміз тисе, елімізге тиген бір пайдамыз сол».
Ана - елдің ұйытқысы
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode