Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі
Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі. Отбасы бірлігі – Отан бірлігі. Ағайынның татулығы – атамекеннің тұтастығы. Бақытты балалық шақ пен алаңсыз қарттық — әрбір отбасының шаттығы. Себебі, мемлекеттің негізі- отбасы. Халқымыз ежелден елдің тыныштығы мен отбасының құндылығын басты назарға алған. Қазіргідей заманда мұның маңызы зор. Сол себептен атадан қалған дағды әліге дейін жалғасын тапқан. Қазіргі таңда, республика аумағында жыл сайын дәстүрлі түрде «Мерейлі отбасы» байқауы ұйымдастырылады. Осыдан бес жыл бұрын бастау алған шара жарасымды жалғасын тауып келеді. Бейресми деректерге сүйенсек, отбасылық құндылықтарды насихаттайтын додаға жыл сайын он екі мыңға жуық отбасы қатысқан. Мақсат – елдің тұтастығын сақтап, өнегелі отбасыларды өзгелерге үлгі ету. Сондай-ақ, қоғамдағы отбасы институтының рөлін арттыру. Шымкенттен де аталған додаға қатысатын отбасылар аз емес. Олар әрдайым жеңісті орындардан көрініп жүр. Отбасында кездесетін келесіздіктер мен жанжалдардың, жастардың ажырасуының алдын алу. Игі шара алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.
Отбасы – береке-бірліктің қайнар көзі
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode