Отбасы құндылығы жайлы қоғам пікірі
Отбасы – мемлекеттің негізгі тірегі. Отбасының татулығы- ел тұтастығының кепілі. Әке, ана, баладан құралатын шағын мемлекеттің өз заңдылықтары мен құндылықтары бар. Қазіргі таңдағы отбасы интитутының рөлі қанша? Жанұя жылуы мен құндылығы жайлы қоғамның пікірі қандай? Назар аударайық.
Роза Әлсейітова, көпбалалы ана: «Отбасында балаларды тәрбиелеуден бұрын өзіңді тәрбиелеу қажет деп санаймын. Өйткені бала сенен көргенін істейді. Сондықтан да қай істе де балаларға үлгі болуың қажет. Ер мен әйелдің өзара келісімінің негізінде дені сау, көзі ашық, ел үшін еңбек ететін ұрпақ дүниеге келеді».
Жақыпбек Нұрбек, ұстаз: Менің түсінігімде отбасының құндылығы бірлікте, ауызбіршілікте Отбасындағы тәрбиенің негізі берік болса ғана, қоғамға пайдалы адам қалыптасады. Отан — отбасынан басталады демекші, біз дастархан басында баланың бойына ұлттық рухты қалыптастыруымыз қажет. Ол үшін біз өзіміз елдің нағыз жанашыры ретінде ұрпаққа үлгі бере алғанымыз жөн».
Майра Бөлегенова, кәсіпкер: «Менің көңіліме қуаныш ұялатар бір жайт бар. Ол — бұрынғы салт-дәстүріміздің қайта жаңғыруы. Кеңес үкімет жылдары біздің көп салтымыз ұмыт бола бастаған еді. Қазір, сырға салу, ұзату, құрсақ шашу сынды дәстүрді мен білетін отбасылардың басым бөлігі ұстанады. Бұл бастама бұдан әрі одан әрі жалғасын тапқанын қалаймын».
Отбасы құндылығы жайлы қоғам пікірі
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode