Алтын ұя
Отбасы — адам баласының үлгі өнеге алар, өсіп-өнер алтын ұясы. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-анасының шексіз махаббатына бөленіп өсуі тиіс. Мұны отау құрған әрбір жас терең сещінуі, түйсінуі тиіс. Отбасында баланың қоғамға пайдалы, жеке адамды адамгершілік және зиялылық жағынан қалыптастырудың негізгі көзі болып табылады. Сондықтан да отбасы құндылықтарын дәріптей берудің артықшылығы көп.
Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған, ең қасиетті мекен.Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас. Сондықтан да отбасы құндылығын әлсіретпеу қажет. Көпке үлгі боларлық, немере-шөбере сүйген, «Күміс», «Алтын» тойларын тойлап, немере, шөбере сүйген, бәйтеректей жайқалып, тереңге тамыр жайған үлгілі отбасылар жетерлік. Осындай отбасыларды дәріптеп, көпке үлгі етудің артықшылықтары көп.
Әтіргүл Айнабекова,
әлеуметтанушы,
Шымкент
Алтын ұя
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode