Басты саясат
Отбасы құндылығы – кез келген мемлекеттің ұстанып отырған басты саясаты. Жастарды отбасы құндылығын құрметтеп, ажырасудың қасірет екендігін сезіну рухында тәрбиелеу бүгінгі күні күн тәртібінде тұр. Отбасылық құндылық және жастар саясаты ешуақытта назардан тыс қалған емес. Біздің халқымыз «Отан – қуат, отбасы – шуақ» деп тегін айтпаған. Өйткені, шағын отбасымыздан мемлекет құрылады. Мемлекеттің берік болуы отбасылық демографиялық жағдайларға тәуелді. Дәстүрлі отбасылық құндылықтар яғни, қарт адамдардың жас отбасыға берген ақыл — кеңестері тұнып тұрған өсиет, қазына деуг болады. Әр отбасыда бұл құндылықтар әртүрлі. Бірақ олардың ұқсас жақтары да бар. Мысалы, кез — келген жанұяда дінді сақтау, некені бұзбау, ұрпақ жалғастыру, баларды тәрбиелеу деген дәстүрлі отбасылық құндылықтар ортақ болады. Қазіргі таңдағы отбасылар бұрынғы салт — дәстүрді ұстануда. Бірақ сол ұстанымның өзгеруіне байланысты олар әр отбасыда әртүрлі. Ұстанымдардың өзгеруі заманның өзгеруіне байланысты.
Басты саясат
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode