Отбасы құндылығының артықшылығы
«Отбасы адамның жақсылық жасауға үйрететін ең бірінші әлеуметтік ортасы». Қазіргі қоғамдағы отбасылық құндылықтарды дәріптеу жағы жетіспейтіндей. Отбасында татулықты, жылулықты көріп өскен бала кейін осыны өзі шаңырақ көтергенде өз жанұясы да сондай болса екен деп қайталайды. Мәңгілік жалпы адамзаттық құндылықтар деген не? Ол — ақиқат, сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, ішкі тыныштық, қиянат жасамау. Ал, отбасы құндылықтары дегеніміз — бір — бірін сүйіп қосылған жанұялардың отбасын сақтау үшін қолданатын ежелден келе жатқан салт — дәстүрі. Негізі қыз баланың тәрбиесі анасынан бастау алуы керек. Қыз баланың от басындағы түбірінде, санасында, бала күнінде анасы қалай тәрбиеледі, соған байланысты. Тәрбие көрген қыз, әрі қарай да ененің тәрбиесіне көне алады. Сондықтан қыз баланы анасы жауапкершілікпен бәрін түсіндіріп, айтып, үйретіп, дағдыландырып отырып тәрбиелеп шығаруы керек деп ойлаймын. Сол кезде барған жеріне сіңісті болады.
Айғаным Әжібаева,
Әжелер кеңесінің мүшесі,
Шымкент қаласы
Отбасы құндылығының артықшылығы
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode