Шымкенттік кәсіпкер ханымдар мақтааралдықтарға көмек көрсетті

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Шымкенттік кәсіпкер ханымдар мақтааралдықтарға көмек көрсетті

Бүгін Шымкенттің кәсіпкерлері тасқыннан зардап шеккен Түркістан облысының Мақтаарал ауданында болды. Өргебас ауылында 188 отбасы тұрады, және ол тасқын судан ең көп зардап шеккендердің бірі болып саналады. Кәсіпкерлер өздерімен бірге ақшалай және гуманитарлық көмек алып келді.«AGF Group» тоқыма фабрикасының басшысы Гаухар Насырова 40 комплект төсек-орын сыйлады. VIZiT алкогольсіз сусындар зауытының директоры Вилким Злавдинов 500 мың теңгеге сусындар сыйлады. Іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Алма Архабаева бастаған іскер әйел азық-түлік, киім-кешек, гигиена құралдары мен қажетті заттар, соның ішінде балаларға арналған гуманитарлық көмек жинады. Ақша мен гуманитарлық көмек Хадиша Алжанова төрағалық ететін «Даму» фармацевтикалық ұйымдар қауымдастығынан келді. Гендерлік саясаттың көрігін қыздырып жүрген ханымдар осылайша игілікті іске мұрындық болды. «Бұл оқиға ешкімді бей-жай қалдырмады. Шымкент қаласының бизнес қауымдастығы Мақтаарал ауданында қайғылы оқиға болған сәттен бастап бірден жауап берді. Кәсіпкерлер қаржыны өздерінен де, кәсіпорындарынан да бере бастады. Шымкент қаласының Кәсіпкерлер палатасы зардап шеккендердің қорына қаражат аударды. Көмек қолма-қол ақшамен, азық-түлікпен және негізгі қажеттіліктермен қамтамасыз етуді жалғастыруда. Қалалық Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшелері апатқа бірінші болып жауап берді, сол үшін оларға көп рахмет!»- деп атап өтті Өргебас ауылында өткен кездесуде Кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрлан Қабыштаев.