Әйел және бизнес
Бүгінде небір он саусағынан өнер тамған қыз-келіншектерді кездестіреміз. Бірі тігінмен, енді бірі аспаздықпен, қымыз баптаумен, әйтеуір сан түрлі кәсіпті дөңгелентіп алып жүрген кәсіпкер ханымдарды көргенде көңіліңіз кәдімгідей көтеріліп қалады. Нарықта өз орнын табуға ұмытылып жүрген кәсіпкер әйелдерді қолдау, олардың ой-пікірлеріне, ұсыныстарына құлақ түру, мемлекеттік бағдарламаларды таныстыру. Бүгінде кәсібін ашып, аяғынан тұрған, шаруасын шырқ айналдырған, қазіргі тілмен айтқанда бизнес-ханымдар жетерлік. Ал, идеясы мен ынтасы бар, алайда қолында қаржысы жоқ, сол жағы қолбайлау болып отырған нәзік жан иелері не істемек? Кондитер өнімдерімен айналысатын Маржан Ералиева ерекше дәмі бар қызылды-жасылды ірімшіктерімен көзге көрінді. Кондитерлікті бала кезінен жақсы көрген ол ес біле келе осы іске ден қояды. Көрмеге алып келген ірімшігі таза табиғи өнім, құрамында адам сүйегіне аса қажетті дәрумен болып табылатын кальциийге өте бай, жасалу технологиясы да өзгеше екенін жасырмады. Маржанның екінші кәсібі шаштараздық, қолы қалт еткенде әйелдердің шашын, бұрымын сәндейді. Бәріне үлгеріп жүрген келіншек мемлекеттік грантқа ілініп, кәсібімді кеңейтсем деген тілегі бар. Әзірге өз алдына бөлек цехы жоқ, мемлекеттік көмек арқылы құрал-жабдықтар алса, ісімді ілгерілетуге құштармын деп екі білегін сыбанып отыр. Гендерлік саясаттың арқасында кәсіпкер ханымдардың қатары көбейіп келеді.
Әйел және бизнес
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode