Қыз жасауын дайындайды
Сара Төребекқызы шеберхана бөлмесін ашып, сонда бір топ қыз-келіншек қыз жасауын әзірлеумен, жалпы тігіншілікпен айналысып, нәпақа тауып отырғанын тілге тиек етті. Ондағы құрақ көрпешелер расында көз тартарлықтай, сапасы да жоғары, бағасы да қолжетімді болғандықтан күннен-күнге тапсырыс берушілер қатары көбейіп келе жатқан көрінеді. Тізек берсек, маңдай терімен еңбек етіп жүрген кәсіпкер аяулы жандар көп. Гендерлік саясаттың көрігін қыздырып жүрген кәсіпкер әйелдер расында көбейіп келеді. Шымкент қалалық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Алма Архабаева тілге тиек етті. Алма Нұралқызы: «Қандай да бір кәсіпті бастар алдында бойда қорқыныш болатыны рас. Алайда, бәсекелестікте болсын, бизнесте болсын, тәуекелге бара білетін жандар ғана табысқа жететінін ұмытпайық. Сондықтан бизнесті ілгерілеткісі келетін ханымдар тренингтерге жиі қатысып тұрғаны жөн. Мұндай тренингтер облыс, аудан көлемінде өткізіліп тұратынын еске сала кетейін. Сонымен қатар, жаңа идеясы, инновациялық жобасы бар ханымдар мемлекеттік бағдарлама арқылы қайтарымсыз грант ұтып алуға мүмкіндігі бар», — деді. Сондай-ақ, ең төменгі пайызбен берілетін несиелерге де тоқталды. Кәсіпкер әйелдер ең алдымен отбасының ұйытқысы, аяулы жар, ардақты ана.
Қыз жасауын дайындайды
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode