Мерейді тасытқан байқау

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Мерейді тасытқан байқау

 

 Әр жылы өтетін «Мерейлі отбасы» бай­қауын­да еліміздегі ең үлгілі отбасы­лар­дың өмірі насихатталып, түрлі айтулы марапатқа ие болуы елі­мізде дәс­түрге айналған. Әрине отба­сы­­лық саясаттан бөлек отбасы­лық құн­дылықтар деген бар. «Әке – асқар тау, ана – мөлдір бұлақ, бала – жағасындағы құрақ», деген даналық сөз ұлттық тәрбиенің отбасылық өмірде атқарар рөлін айқындап тұрғандай. Шымкентте «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының қалалық кезеңіне қатысқан отбасылар көп болды былтыр. Биыл да аталған байқауға қатысуға үміттілер көп. Аталмыш байқауға құжат тапсырған 40 отбасының арасынан 16 отбасы үздік деп танылған болатын. Олардың арасында тек екі отбасы ғана жеңіске лайықты болып танылған еді. 6 перзент тәрбиелеп отырған Сермаңызовтар отбасы бүгінде  ағайынға сыйлы, үлгілі отбасылардың бірі. Осы байқауда бағы жанғанына көрші қолаң, ағайын туыс бәрі қуанған болатын. Отағасы ұзақ жылдан бері газ жеткізу саласында қызмет етеді. Олар бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіндерін айтады. Содан болса керек, балалары білімде көп жетістікке жеткен. Отағасы Нұрболат «Мерейлі отбасы» ұғымын әрдайым отбасы бақытымен үндестіреді. Нұрболат Сермаңызов, «Мерейлі отбасы дегеніміз – ата-ана бала-шағасымен бірге бір шаңырақ астында бақытты өмір сүруі дер едім. Мысалы біз ұрпағымызбен бірге алдағы арман-тілектерімізге бірге жетсек, онда бақытты отбасылардың қатарынан болғанымыз. Шаттыққа толы өмір сол жанұяның мерейін анықтайды. Менің отбасым – менің Отаным» дейді. «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауы ең алдымен отбасылық құндылықтарды және отбасы мен некенің жағымды бейнесін насихаттайды. Осылайша отбасы мәртебесін асқақтатады. Бүгінде Сермаңызовтар отбасы өмір ағысымен мамыражай тіршілік кешуде. «Үлгілі отбасылар қатары көбейсе екен. Әсіресе жастар отбасы құндылықтарын құрметтеп, бір біріне деген сыйластықтарын арттырса, тату отбасылар көбейер еді. Биылғы байқауға қатысуға ниет білдеретін отбасылардың қатары көбейсе екен» деген тілектері бар.