Ардагерлер - ардақты ерлер
Шарипов Аманқұл 1926 жылдың 1 қаңтарында қазіргі Түркістан облысы Қазығұрт ауданы «Жұмысшы» ауылында дүниеге келген. Ауылдағы жеті жылдық мектепті бітірген. 1944 жылы он сегіз жасында қызыләскер қатарына алынған. Екінші Белорусь майданында шайқасқан 875-ші атқыштар полкінде қызмет атқарған. 1950 жылы әскер қатарынан босап, елге оралған. Туған жерге келген соң алғашқы кезде Шеңгелді стансасында теміржолшы болып істеді. Кейін Қазығұрт ауданындағы ПМК-да (жылжымалы механикаландырылған колонна) қызмет атқарып, зейнеткерлікке шықты. Отбасында бес ұлы, үш қызы бар. Отбасы құндылығын құрметтеп, ұл қыздарының бойына дарытқан қазыналы қария. 2-ші дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Германияны алғаны үшін» және басқа да медальдермен марапатталған.
Ардагерлер - ардақты ерлер
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode