Қоғамда әйелдің орны қандай?

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Қоғамда әйелдің орны қандай?

 

«Әйел қырық шырақты». Атадан қалған қанатты сөз әліге дейін өз маңызын жойған емес. Билік басында да, ошақ қасында да, бизнестің биігінен де нәзік жандылар бой көрсетеді. Жоқтан бар шығарып, берекенің ұйытқысы бола білген бұрымдылар бұдан кейін де тоқтап қалмасы анық. Әлемді нәзіктігімен ғана емес, іскерлігімен баурап жүрген әйелдерге қоғамның көзқарасы қалай? Гендерлік саясатты құптайтындардың қатары көп пе екен? Шакен Саттаров, Шымкент қаласының тұрғыны: «Гендерлік саясатты өз басым құптаймын. Әйелдер бастаған бастамасы қашанда өміршең. Өз басым олардың билікке араласуына, бизнеспен айналысуына, жалпы жұмыс жасауына еш қарсылығым жоқ. Мен жұбайым қандай істі бастаса да барынша демеп, қолдау көрсетемін». Айман Өтетілеуова, жас маман: «Гендерлік саясатұа деген көзқарасым түзу. Менде оқуымды аяқтаған соң, осы елдің азаматшасы ретінде еліме өз үлесімді қосқым келеді. Жеке мамандығыммен қатар, кәсіп те ашуды көздеп отырмын».