100 жастан асқан әже
Шымкент қаласының 100 жастан асқан қарт тұрғыны Шырынкүл Төреханованың шаңырағына келіп құттықтаушылар аз емес. Аналарға деген ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Отбасының діңгегі Шырынкүл Ахметова 1919 жылы дүниеге келген. Тыл ардагері, батыр ана 9 ұл-қызды өмірге алып келген. Олардан бүгінде 25 немере, 41 шөбере мен 2 шөпшек сүйіп отыр. Отбасы құндылығын сақтауды бала ларына өсиеттеп отыратын асыл әже маңайына үлгілі жан. Оның ақыл кеңесіне құлақ түріп, тәбәрік алатындардың қатары көп бүгінде.
100 жастан асқан әже
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode