Ақыл кеңес ұясы

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Ақыл кеңес ұясы

Бүгінде Шымкент қаласындағы орта кәсіптік оқу орындарында  «Отбасы әлемі» жобасы қолға алынған. Болашақ жас отбасыларға берер ақыл кеңес ұясы деуге болады. Осыған орай, оқытушылары «Берекелі отбасы» тақырыбында студенттермен онлайн тәрбие сағатын өткізуде. Тәрбие сағатының мақсаты ата-ана мен бала арасындағы ізгі қарым — қатынасттың орнауына ықпал ету, отбасы құндылықтарын сақтауға үйрету. Ата-ана мен бала арасындағы сенімді , сыйластықты, бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы , өз отбасының бас ұстазы ата-ана екенін түсіндіру. Қазақ отбасындағы ата-ана мен баланың кіслік қарым – қатынасы, эмоционалды сезімдері – олардың жаны мен қанының табиғи бірлігі негізіндегі жақындық арқылы орындалған. Қазіргі уақытта баланы заман талабына сай жеке тұлға етіп қалыптастыру қазақ отбасындағы барлық ата-аналар үшін көптеген қиындықтар туғызуда. Бұрын бәрімізге белгілі халқымыздың аса күшті қасиеті балажандылығы деп саналған. Тіпті қазақ әйелі әулиеге түнеп перзент үшін өмір сүретін. Нәрестенің өмірге келіп, кіндігінің келісіп, жөргекке оралуынан бастап дені сау, ақылды да тәлімді бала етіп өсіру мақсатындағы ата-ананың өмірінде таусылып бітпейтін қарбаласы басталады. Соңғы жылдары адамның жан дүниесімен сырласып, оның мінез-құлқын, тәртібін зерттеуде психолог – педагог мамандар адамдар арасындағы қарым-қатынасқа айрықша назар салып отыр.