Психологиялық дәрістер өткізді
Бала психологиясы зақымданса, оны емдеу қиын. Кешегі су тасқынынан абыр-сабыр болып, жанын қоярға жер таппаған ата-анасын көрген балалар қорқып қалды. Зардап шеккен отбасы мүшелерінің бірінші мәселесі - өзін қалыпты ұстауы. Әрине, күйгелек күйде жүрген халыққа сенің өнерің де, ақылың да керек емес. Оларға бірден бір көмек бере алатын психологтар. Шымкент қалалық Ішкі саясат және дін істері басқармасы мен "Серпіліс" қоғамдық қоры және "Жалын" қоғамдық бірлестігінің бірлесуімен мақтааралдық зардап шеккен отбасыларға психологиялық көмек көрсетілді. Кәсіби психологтар ата-аналар мен балаларға психологиялық дәрістер өткізді.
Психологиялық дәрістер өткізді
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode