Жеке дара жүздесуді жоспарлап отыр
Қазақ қоғамында оң босағада отырып жүкті болу деген – ұятты іс болып саналады. Ал ұят өлімнен күшті. Ерте жүктілік деген оқиға мүлдем болмаған десек артық айтпағандық. Өкінішке орай бүгінгі қоғамда мұндай фактілер жиілеп барады. Жетім бала, жесір әйел – қазақ қасіреті. Өкінішке орай, соңғы жылдары біздің қоғамда осындай топтардың қатары артуда. Оң босағада отырып перзентті болып, жастайынан суицидке ұрынушылар сейілмей тұр. Оған себеп – ата-ананың салғырттығы,-дейді аналар кеңесінің мүшелері. Баян Жандосова, аналар кеңесінің мүшесі: «Өзім сараптама жасап көргем, сонда тексеру қорытындысымен ата-аналары балаларына қарамайды. 47 пайыз балалар өз өзіне қиын жағдай болғанда кімге айтарын білмейді. Міне сондықтан мен ойлаймын, оқыған, озық ойлы аналар бұл іске салғырт болмауы керек. Мамандар мәліметіне сүйенсек, 18 жасқа толмаған қыздардың 20 пайызы ерте жүктілікке бой алдыратын көрінеді. Бұл көрсеткішпен Қазақстан Еуропа елдеріне қарағанда алты есе асып түскен. Елімізде мың қыздың 36-сы ерте жүктілікке бой алдырып, соның 50 пайызы қылмыстық түсік тастау әрекетіне жүгінеді. Бүгіні қиын, болашағы бұлыңғыр қыздармен енді іскер әйелдер жеке-дара жүздесуді жоспарлап отыр.
Жеке дара жүздесуді жоспарлап отыр
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode