Арманның алар асуы мол!
БІілім көкжиегін айтарлықтай бағындырған Арман Орынбеков Шымкент қаласындағы, Асар шағынауданындағы №90 жалпы орта білім беретін мектеп директоры. Аталған білім ордасының шаңырағында күні бүгінге дейін қаншама түлек ұшырып, оларды білім нәрімен баптаған Арманның армандары жетерлік ! Үшінші Мегаполистегі аталмыш мектептің кірпішін қалаған жас, іскер маманның көңіліңді лайым таудай талап пен жігер басым тұратын. Сол бойындағы басымдық сатысы көпірінде көптеген биіктерге қол жеткізген тарихшы Талап пен Жігерді бірінші орынға қоя білді. Осы егіз ұғымды қажет жерінде аянбай жұмсаған іскер ұстаз , басшы , директор бүгінде Республика көлемінде "Үздік педагог " номинациясымен марапатталып, ел алдында алғысқа бөленді. Аталған мектеп қазіргі таңда Шымкенттегі шоқтығы биік білім мекемесінің біріне айналды . Ынтымағы мен бірлігі жарасқан білім ғимаратында осы күнге дейін республика, облыс көлемінде олимпиада болсын , түрлі сайыс түрлері болсын ондағы білім алып жатқан оқушылар да әрдайым алғы шепте. Әрине, мұнда ондағы ұстаздардың ұтымды тәжірибесі мен ғылыми жобалары жетегіндегі үздіксіз ізденіс ізгілікке жетелеп отыр. Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару - екінің бірінің қолынан келе де бермейді. Ұстаздық жолын таңдаған, білім беру саласында талай жыл аяңбай еңбек етіп, өңіріміздің ғылым мен білімін дамытуға өзіндік үлесін қосып жүрген азаматтың өскелең ұрпаққа берері мол ! Бүгінгі таңда , аталған білім ордасының ғажап еңбектері жетіп артылады . Сонымен қатар тәрбие мәселесі де бірінші орында тұрады. Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында түрлі іс шаралар ұйымдастырылып тұрады. Соның арқасында мектеп оқушыларының жаман аты шыққан емес.
Арманның алар асуы мол!
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode