Көненің сөзі келмеске кетті...
Әйел – ана, әйел- жар, әйел – қайраткер. Бүгiнгi таңда қазақ аруы аталған үш міндеттің де үдесінен шығып жүргені бүкіл қоғамға аян. Елімізде «Гендерлік саясат» бағдарламасы табысты жүзеге асырылып келеді. Аталған жоба нәтижесінде оттың басында, ошақтың қасында жүрген барша қаркөздердің мүмкіндіктері артты. Бүгінде бизнестің биігін бағындырып, қызметте де табысқа жетіп жүрген айымдарымыз жетерлік. Қоғамның гендерлік саясатқа деген көзқарасы қандай?
Мансұр Өтебеков, жеке кәсіпкер: «Отбасында бала шағасын тәрбиелеп, жұмысына да үлгеріп, ағайын тума туысты да күтіп шығарып салатын әйел аналарымыздың жетістігі расында мақтауға тұрарлық. Барлығына үлгеріп жатса, неге аяқтан шалу керек. Қайта демеу болып, жетістікке жетуіне атсалысу керек».
Рахымжан Егеубаев, зейнеткер: «Көпшілікпен араласып, көптің тілін таба білген әйел балаларын да көпшіл етіп тәрбиелейді. Ақ алғысты болған аналардың балалары да жетістікке жету үшін барын салады. Жалпы әйел басқарған кө оңбайды деген көненің сөзі келмеске кетті. Заман жастардыкі. Тек карьера қуып жүріп алмай, қыздарымыз ертерек тұрмыс құрып, ана атануға асығуы керек. Қызмет ешқайда қашпайды. Үлгеруге болады. Жалпы өз басым гендерлік саясатты қолдаймын».
Көненің сөзі келмеске кетті...
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode