«Ұшқыр ой алаңының» пайдасы көп

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

«Ұшқыр ой алаңының» пайдасы көп

 

"Ұшқыр ой алаңы" жобасы аясында өткен қалалық дебат турнирінің жеңімпазы N107 Ю. Сареми атындағы мектеп-лицейі
2020 жылы 10 мамыр күні сағат 18.00 де ZOOM платформасында Шымкент қаласы Әдістемелік орталығы "Тәрбие жұмысын ұйымдастыру" бөлімінің ұйымдастыруымен "Ұшқыр ой алаңы" оқушылардың мәдени-білім беру жалпыұлттық дебаттық қозғалысы жобасы аясында "Қашықтықтан оқытудың білім сапасына әсері" тақырыбында қалалық дебат турнирі өтті. Оған N41 А.Макаренко және N107 Ю.Сареми атындағы мектеп-лицейі оқушылары қатысты. Мақсаты: білім алушылардың шешендік сөз өнері дағдыларын және сендіру әдістерін, позитивті,сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын қалыптастыру, өзекті мәселелерді көпшілік алдында талқылау және пікірталасты жүргізу мәдениетін дамыту болып табылады. Мұндай ұшқыр ойлау жүйесін дамытатын шаралардың оқушыларға берері көп. Білімпаздар бос уақыттарын тиімді оқу әдістеріне жұмсайды әрі жаман әдеттерден аулақ болады. Осылайша қылмыс атаулыдан да бойын аулақ ұстайды. Ұстаздар қауымы білімпаздарға терең тамыр жаяр білімнен бөлек, тәрбие жұмыстарын да ақсатпай отыр.