Басшы ханымдар...
Бүгінде елімізде мемлекеттік қызметте басқарушы лауазымдарда 9,5 мыңнан астам әйел қызмет етеді. Бұл басшылардың жалпы санының 40 пайызын құрайды. Министрлердің орынбасарлары 14,3 пайыз, өңір әкімдерінің орынбасарлары 7,1 пайыз, орталық мемлекеттік органдардың комитеттері төрағаларының орынбасарлары мен департаменттердің директорлары 29,2 пайыз, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің басшылары 12,8 пайыз, облыстық басқармалардың басшылары – 15,3 пайыз, қала және аудан әкімдерінің орынбасарлары 15,1 пайызды құрайды. Гендерлік саясаттың нәтижелі жүзеге асырылып жатқандығының көрінісі болса керек. Сондай-ақ жыл сайын мемлекеттік қызметке келетін жас мамандары қатары да нәзікжандылармен толығып отыр. Бүгінде үшінші мегаполис атанған Шымкентте мемлекеттік қызметте жүрген бұрымдылар баршылық. Басқарма басшылары мен орынбасарлары нәтижелі жұмыс атқарып келеді. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру барысында гендерлік тақырыпқа назар аударылады. Мысалы, мемлекеттік органдардың кадрлар бөлімдерінің басшыларын оқыту жүйесіне халықаралық оң тәжірибе негізінде әзірленген жұмыс пен отбасын байланыстыру бойынша тақырыптық сабақтар енгізілген.
Басшы ханымдар...
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode