"Отбасы және гендерлік саясат»
Еліміз бойынша 50 мыңға жуық әйел мемлекеттік қызметті өздерінің кәсіби шыңдалу үшін, мансаптық жолын іске асыру саласы ретінде таңдаған. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметте жүрген бұрымдылар отбасылық міндеттерін мансаптық мақсаттарымен қоса атқара алатындықтарын айтады. Сондай-ақ, өзін-өзі дамыту мен спортпен шұғылдануға уақыт тауып жүр. Гендерлік саясаттың жүйелі іске асқандығының бір көрінісі осы болса керек. Осы салада қызмет атқарып жүрген айымдар қызметті де отбасыны да қатар алып жүру еш қиындық туғызбайтындығын алға тартады. Оның үстіне ханымдарға артықшылықтар берілмегендігімен де біршама жеңілдіктер де жоқ емес. Бірқатар орталық және жергілікті атқарушы органдарда икемді жұмыс кестесі енгізілді. Соңғы жылдары мемлекеттік қызметте еңбек уақытынан тыс жұмыс істеу айтарлықтай қысқарды. Мемлекеттік қызметке жуырда ғана кіріскен шымкенттік Мақпал Бекайдар: «Тұрмыс құрып, балалы болғаннан кейін жұмыс істеу ауыр болатын шығар деп ойлайтынмын. Жоқ. Жұмыстан кейін балаларымды бақшадан аламын. Оларға қарауға да, тіпті арасында өзімді жетілдіру үшін түрлі кітаптар оқуға да уақыт табамын» дейді. Расында бүгінде мемлекеттік қызметтің қолданыстағы моделі қызметшілерді дамыту және олардың біліктілігін арттыру үшін кең ауқымды мүмкіндіктерді ұсынады. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру барысында гендерлік тақырыпқа назар аударылады. Өңірлерде "Қазақстан Республикасындағы отбасылық және гендерлік саясатты іске асырудың тұжырымдамасы", "Гендерлік және жастар саясатының іске асырылуы", "Отбасы және гендерлік саясат: өңірлік аспект" тақырыптары бойынша мемлекеттік қызметшілерге арналған біліктілікті арттыру семинарлары мен қайта даярлау курстары жүргізіледі. Әзірге бұл жоба уақытша тоқтап тұрғанымен алдағы уақытта Шымкент қаласында өткізу жоспарланып отыр.
"Отбасы және гендерлік саясат»
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode