Білім мен тәрбие егіз
Танымдық қызығушылықты қалыптастыруда мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың мәні зор. Заман талабына сай маман дайындау жоғары сыныптарда басталып, студенттік кезеңмен ұштасып отырады. Студенттердің тәжірибелік базасына айналған Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясында М.Әуезов атындағы ОҚМУ Мәдениет және спорт факультеті "Жалпы педагогика және музыкалық білім" кафедрасының 4-курс студенттері диплом алды практикадан қашықтықтан өтіп жатыр. Танымдық қызығушылықты қалыптастыруда мектеп пен университет арасындағы сабақтастықтың мәні зор. Білімдерін шыңдап, тәжірибе жинаған студенттер аталған білім ордасының ұстаздарына алғыс айтуда. Болашақ ұстаздардың алға қойған мақсаттары зор. Педагогиканың білім мен тәрбие беруде маңызы зор екенін бағамдайтын студенттер алдағы уақытта аға буыннан алған тәжірибелерін іс жүзіне асырады. Білім мен тәрбие тізгінін қатар ұстайтын болашақ ұстаздар «келешекте жастар арасындағы құқықбұзушылыққа жол бермейміз, білім мен тәрбиені қатар алып жүреміз» дейді.
Білім мен тәрбие егіз
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode