Шығармашылық қабілетін шыңдауда

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Шығармашылық қабілетін шыңдауда

 

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Терешкова атындағы №31 жалпы орта білім беретін мектебінің 6"А" сынып оқушысы Медетұлы Нұрасыл оқу үздігі. Ол бос уақытында сурет салғанды ұнатады. Нұрасыл домбыра және сурет үйірмесіне баратын. Төтенше жағдайға байланысты Нұрасыл үй жағдайында домбыра тартып, сурет салып шығармашылық қабілетін шыңдап, уақытын тиімді өткізуде. Тәрбие туралы, отбасы құндылығы туралы үлкендердің рухани әңгімесін тыңдап, кітап оқуды да жанына серік еткен. Қашықтықтан оқыту кезінде ұйымдастырылған "Ұлы Жеңіске 75 жыл" атты өткізілген сурет байқауына қатысып 1-ші дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі Қызбалаев Қуаныш Атымтайұлына алғыс білдірді Нұрасыл.