Тағылымы мол сұхбатты тыңдаушылар көп болды

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Тағылымы мол сұхбатты тыңдаушылар көп болды

15 мамыр- Халықаралық Отбасы күні. Атаулы күні Шымкент қаласы Ішкі саясат және Дін істері басқармасы "Рухани жаңғыру" бөлімінің меңгерушісі Зәуре Оралбаева мен қалалық Әдет-ғұрып және салт-дәстүр орталығы директорының міндетін атқарушы Гүлшат Жаханқызы Facebook желісі арқылы Тікелей эфирге шықты.Қазақ халқының дәстүрлі отбасылық құндылықтары, ұлттық тәрбие жайлы тағылымы мол сұхбатты тыңдаушылар көп болды.  Ұлттық құндылық бұл отбасылық құндылық. Бүгінгі мереке күнгі Отбасылық тәрбие туралы сұхбаттың маңызы үлкен. Қоғамдағы маңызды да күрделі тақырып тереңнен қаузалды. Ұлттық салт дәстүр арқылы отбасы құндылығын арттыру, оны дәріптеу бүгінгі күннің басты тақырыбы. Сауал жолдаушылар да аз болған жоқ. Ұлтқа тигізер мол пайдасы бар мұндай хабарларды көптеп шығару қажеттігін айтушылар, пікір жазушылар өте көп болды. Жаһандану дәуірінде жастарымызды ұлттық тамырымыздан алыстатпайтындай отбасы құндылығын көптеп дәріптеу қажет деушілердің қатары қалың болды.