Басты құндылыққа айналды

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Басты құндылыққа айналды

Ең бастысы білімді, дарынды ұрпақ тәрбиелеу – біздің басты құндылығымызға айналды. Елде қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты, білім беру саласына енгізілген өзгерістерге сәйкес, оқушылардың қашықтан оқыту жүйесіне көшкені белгілі. Мұндай сын сағаттың туатынын ешкім күткен жоқ. Бірақ, елдің болашағы – жас ұрпақты білім нәрімен сусындатуды кейінге қалдыруға болмайтындықтан, бұл – бүгінгі таңдағы ең оңтайлы шешім болды. Осылайша, балалар жаңа формат аясында білім алып жатыр. Індеттің алдын алуда бұл дұрыс шешім екенін түсінген Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының оффлайн сабақ беруге үйренген ұстаздар қауымы аз уақытта жаңа жүйеге үйреніп те кетті. Мұғалімдер оқытудың ең тиімді әдістерін қолданып, оқушылар сабақты мұқият тыңдап, тапсырманы бар ынталарымен сапалы орындауға тырысып жатыр. Сондай-ақ, бұл оқыту түрі оқушылардың көбірек өзіндік жұмыс жасауына және компьютерлік сауаттылығын жетілдіруге мүмкіндік берді. Ақпараттық-технологиялар жүйесі арқылы өз білімдерін шыңдап, «Еларна», «Балапан» телеарналары, «Bilimland» «Kundelik.kz», «Daryn.online» интернет-платформалары арқылы сабаққа қатысуда. Осы орайда, заманауи құрылғылардың көмегімен кері байланыс та жүргізілуде. Мұғалімдеріміздің күн-түн демей, балаға қашықтықтан сапалы білім беру керекпіз деген ынта-ниетін байқаған ата-аналар баласының үйде өз бетінше білім алуына, оқуға деген ынтасының төмендемеуіне тиісті деңгейде қолдау-көмек көрсетіп, жауапкершілік жүгін өз деңгейінде сезінуде. Демек, еліміздің болашағы – жас ұрпақтың қолында болғандықтан, ең бастысы білімді, дарынды ұрпақ тәрбиелеу – біздің басты құндылығымызға айналды. Оқушылар ұлттық құндылықтар, отбасы құндылығы мен заманауи игіліктерді өз бойына біріктіріп, ұштастыра білген, өз елінің нағыз жанашыр азаматтары ретінде қалыптасуға талпынуда.