Ішкі құндылықтарын тәрбиелейді

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді Отбасы күнімен құттықтады

 

Ішкі құндылықтарын тәрбиелейді

Әкімшілік құқықбұзушылықты алдын алу және кәмелетке толмағандар арасында қылмыстың жолын кесу –Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полициясының басты міндеттерінің бірі.

Осы мақсатта ағымдағы жыл басынан бері «нөлдік төзімділік» қағидасы бойынша әр жұма, сенбі және жексенбі күндері өткізілетін 50-ден астам профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырған болатын. Кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықты алдын алу мақсатында «Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік» акциясы аясында ювеналды полиция қызметкерлері Шымкент қаласындағы колледж және мектептерінде құқықбұзушылық пен қылмыс жасаудың салдары тақырыбында онлайн-бейнежазбаны көрсету арқылы дәрістер өткізді. Ювеналды полиция қызметкерлері атап көрсеткендей осы тектес іс-шаралар мен акцияларды өткізу кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықты алдын алуға әсер ететін және жастарда отанға деген ұлтшылдық пен махаббат оятатын ішкі құндылықтарын тәрбиелейді. Полицейлер болашақта жасөспірімдерді қылмыс жасап, заңды бұзуға жол бермеуге көмектесетін түрлі іс-шаралар өткізуді жоспарлауда.