Даналық пен ақылдың кені

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Даналық пен ақылдың кені

«Атасы мен әжесінің «айналайынынан» нәр алып, әкесі мен анасының мейірімін сезініп жетілген баланың иманды, көргенді, көпшіл болып өсетіні анық. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деп бабаларымыз текке айтпаған, ананың сүтімен, әкенің қанымен бойға сіңген қасиет жеткіншектің алдағы өмірінің бағдаршамындай болады. Ұлттық құндылықтардың бастауы – отбасы. Әке – отбасының тірегі болса, ана – берекесі. Бақытын баладан іздейтін ата-ана «не ексе; соны оратынын» біліп, өзінің әрбір сөзі мен әрекетіне мән берген. Қазақтың ұлттық тәрбиесі, яғни, отбасы құндылықтары – тұнып тұрған даналық пен ақылдың кені. Бабаларымыз көз көріп, көңіл қаныққан өмір сабақтарын екі ауыз сөздің аясына сыйғызып, түйінді оймен қалдырып кеткен.Қазақта «Қарағайға қарап тал өседі, жанұяға қарап бала өседі» деген қанатты сөзі бар. Ата-бабаларымыздан бастау алып, сан ғасырлар бойы адамгершілік пен ізгілікті дәріптеген қазақтың ұлттық дәстүрлері келешек ұрпақ үшін де рухани азық болып қала берері хақ. Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта кішкентай – Отан десек, құрметті Отандастар сіздерді, «Отбасы» күнімен құттықтаймыз» деп жазады Шымкент қалалық Әдет ғұрып және салт-дәстүр орталығының ұжымы.