Қылқаламға арқау болған ақынның шығармалары

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Қылқаламға арқау болған ақынның шығармалары

Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде жүзеге асырылып келе жатқан «Ұлы дала ақындары» жобасы өзінің кезекті іс-шарасын ерекше түрде өткізді. Бұл жолы ақын өлеңдерінің мазмұны қылқаламда бейнеленіп, қағаз бетіне түсті. Жоба аясында оқушылар жыл бойы қазақтың аяулы ақыны - Қадыр Мырза Әлі өлеңдерін оқып, талдап, сырына қанықты, отбасылық құныдылықтардың ұлттық рухта жырланған жырларын бойларына сіңіре білді. Енді оқушылар ақын шығармаларының мазмұны бойынша сурет салуды қолға алды. Әрқайсысы өз түйген ойларын, алған әсерлерін қара қаламмен қағаз бетіне түсірді. Оқушылар автордың сыршыл поэзиясынан кең жазиралы дала, қазақ халқының өзіне ғана тән ұлттық мінезі мен табиғатын қағаз бетіне бейнелеуі арқылы оның жан сырына, жыр табиғатына тағы бір үңілгені анық. Бейнелеу кезінде оқушылар Қадыр Мырза Әлінің «Далам менің», «Табиғат және қазақ», «Кәрі қыран», «Табиғат және мен», «Домбыра» өлеңдерінің мазмұнына сүйенген.