Отбасы – бақыт мекені

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Отбасы – бақыт мекені

«15 мамыр – Халықаралық отбасы күні» мерекесіне орай Шымкент қаласы Полиция департаменті Енбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері полицейлер арасында «Отбасы – бақыт мекені» атты акциясын өткізді. Ішкі істер саласында қызмет атқарып жатқан нәзікжанды арулар отбасы бақытын ақ қағаз бетінде суреттеді. Отбасы құндылығын сақтап, ұрпақтан ұрпаққа аманаттауды міндетіміз деп санайтын арулар өз отбасыларында атаулы күнді ерекше атап өтетіндіктерін айтты. Адам өміріндегі ең маңызды дүние отбасы екендігін балаларына да үйретіп, тәрбиелейтіндіктерін жеткізді.