Инфографикалық буклеттер таратты

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Инфографикалық буклеттер таратты

«15 мамыр – Халықаралық отбасы күні» мерекесіне орай Шымкент қаласының Полиция департаменті Абай ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері «Отбасындағы өзекті мәселелер» тақырыбы бойынша қала тұрғындарына инфографикалық буклеттер таратты. Шараның мақсаты – тұрғындарға отбасы құндылығын насихаттау болып табылады. Отбасындағы мәселелерді бірігіп шешу жолдары, түсіністік таныту, татулыққа үндеу басты мақсат екендігін тілге тиек етті. Отбасындағы бірлік пен ынтымақты басты ұстын ету жолдары да әңгімеге өзек болды.