Отбасы мерекесіне орай шара ұйымдастырылды

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Отбасы мерекесіне орай шара ұйымдастырылды

«15 мамыр – Халықаралық отбасы күні» мерекесіне орай Шымкент қаласының Полиция департаменті Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері «Абдулхамид Қаттани» мешітінің наиб-имамы А.Тұрапбайдың қатысуымен «Отбасындағы қарым-қатынастарды реттеудің жолдары мен ажырасудың алдын алу» тақырыбында онлайн-тренинг өткізді. Отбасы күні қарсаңында қолға алынған шара – отбасы құндылығын дәріптеуді көздейді. Спикерлер бүгінгі қоғамда отбасы татулығын сақтап, балаларды жетім етпей, жанұя іргетасын нықтап қалуды насихаттады. Санасы солқылдақ жастарға отбасы бақытын баянды ету жолдары түсіндірілді. Мемлекетіміздің бір тірегі отбасыны бірлікте, татулықта, ынтымақта болуы басты назарда екендігі айтылды.