«Менің тату отбасым»
"От басының өнегесі-Отан өнегесі" -деп Бауыржан Момышұлы айтқандай өнегелі ұрпақ тәрбиелеу ұлтымыздың кемел болашағы. Отан қуат берсе, бақытты отбасы өміріңнің шуағы емес пе? Жанұялық ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Халықаралық отбасы күніне орай Шымкент қалалық жасөспірімдер кітапханасы «Менің тату отбасым» атты челленджін жолдады.
Есмахановтар әулеті отбасының құндылықтарын дәріптеп, жанұя жарасымдылығын паш етті. Есмаханов Әділбек жұбайы Аққу екеуі балаларын тәрбиелі, саналы, тәртіпті етіп тәрбиелеуде. Болашақта балаларының отанын сүйер нағыз патриот болып өсеріне кәміл сенімді.
«Менің тату отбасым»
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode