Ғылым мен білімді ұштастырып...
«Ғылымды күшті меңгерген және оны сүйетін мұғалім ғана өз шәкірттерінің бәріне жемісті ықпал жасайтын болады» деген екен Д. И. Менделеев.
Шымкент қаласы Білім басқармасына қарасты №52 мектеп -лицейінің ұстаздары қашықтан оқушыларды оқытып қана қоймай,оқушыларды байқауларға қатыстырып шеберлігін көрсетуде. Атап айтсақ, Республикалық ғылыми- практикалық Дарын орталығының ұйымдастыруымен өткен жаратылыстану- математика бағытындағы пәндер (математика,физика,химия,биология) бойынша Республикалық Жасөспірімдер арасында онлайн олимпиадаға 8-сынып оқушыларын қатыстырып, жүлделі І, ІІ орындармен марапатталды. Биология пән мұғалімі П.Менликулова,Химия пән мұғалімі Ұ.Камалова, Математика пәні мұғалімі П.Салтаева,физика пән мұғалімі Р. Хашимованың еңбектері орасан. Аталған мектеп оқушылары осылайша әрдайым биіктерден көрініп келеді. Бұл ұстаздардың талмай талаптанып, білім нәрімен сусындатуынан болса керек. Сондай-ақ жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мақсатында ұдайы тәрбие сағаттары өтіп тұрады. Оның нәтижесі де жоғары. Мектеп оқушылары жаман әдеттерден бойын аулақ ұстайды.
Ғылым мен білімді ұштастырып...
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode