Алғыстарын білдірді
Шымкенттің полицейлері аз қамтылған отбасыға көмек көрсетті.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері үшін мұқтаж жандарға қол ұшын созу дәстүрге айналған. Осылайша, әлеуметтік желілерде тараған көпбалалы ананың көмек сұраған бейнежазбасын көрген Шымкент қ. ПД Анықтау басқармасының қызметкерлері оның мекен-жайын біліп, отбасын азық-түлікпен және бірінші қажеттілік заттарымен қамтамасыз етті.
Өз кезегінде көпбалалы ана көрсетілген көмек үшін полицейлерге алғыстарын білдірді. Шымкенттің тәртіп сақшылары құқық бұзушылықтарға қарсы тұрып, жастар арасындағы қылмыстың алдын алуда, азаматтардың құқығын қорғап қана қоймай, әрдайым мұқтаж жандарға көмекке келуге дайын.
Алғыстарын білдірді
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode