Мүмкіндік сыйлаған мектеп!
Тәлім-тәрбие беріп, білім дәнін сепкен ұстаз! Үлкенге құрмет, кішіге ізет білдіруді ұғынтқан жандар! Дос болуды, тұлға болып қалыптасуға ықпал еткен сыныптастар! Болашақ түлектердің мектеп қабырғасымен қоштасатын күн жақын. Шымкент қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушылары балалық шақтың ең бір жарқын сәттері өткен білім ошағына, ұстаздарына, кураторларына алғысын білдіреді. Ұрпақ тәрбиесі ғана емес, бүтіндей бір қоғам қалыптастыруды өлшеусіз еңбек сіңіретін, отбасы құндылығын насихаттайтын, болашақ ұлт патриоттарын тәрбиелейтін білім саласының мамандарына деген ризашылығын 12 «С» сынып оқушылары бейнетүсірілім арқылы жеткізді.
Мүмкіндік сыйлаған мектеп!
Typography
- Smaller Small Medium Big Bigger
- Default Helvetica Segoe Georgia Times
- Reading Mode