Қашықтықтан оқу-жаттығу жиыны өтті

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Қашықтықтан оқу-жаттығу жиыны өтті

Шымкент қаласындағы  №46 мектеп-лицейінде 10-сынып оқушыларымен корона вирус инфекциясының таралуын болдырмауға бағытталған шектеулі шаралар жағдайында қашықтықтан АӘ және ТД пәні бойынша оқу~жаттығу жиыны ұйымдастырылды. Патриоттық тәрбие беру АӘД пәнінен байланысты және жастардың әскери істерде, төтенше жағдайлардан қорғану құралдарын және әдістерін меңгеруіне ықпал етуі керек. АӘД пәні бойынша оқу курсының нәтижесі оқу~жаттығу жиындарын өткізу болып табылады.
10 сынып оқушыларының қыз балаларына мектеп медбикесі А. М. Эгамкулова, ер балаларына АӘД пәні мұғалімі Е.С. Сарсеков сабақ өтті. Жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселесі де басты назарға алынды.
Қашықтықтан сабақ өткізу ҚР азаматтарының қорғаныс саласындағы білімдерін және оларды әскери қызмет негіздеріне оқытуды ұйымдастыру туралы нұсқаулық бойынша құрастырылған!