Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта

Қазақстанда
Typography
  • Smaller Small Medium Big Bigger
  • Default Helvetica Segoe Georgia Times

Отбасы - сыйластық, жарастық орнаған орта

Халықаралық отбасы күніне арналған іс-шаралар әлі де жалғасын табуда. Отбасы-сыйластық,жарастық орнаған орта, кішкентай Отан.  "Өз үйім өлең төсегім" деген қазақ даналығында айтылғандай, өз отбасың, өз үйің әрқашан жылу тартып,жанға жақын болады. Бұл күнді белгілеу əлемдік қауымдастықтың, отбасының қазіргі жағдайы мен оның қоғам өміріндегі жəне өскелең ұрпақ тəрбиесіндегі маңызына алаңдаушылық туғызуына орай жүзеге асырылып отыр. Адам өмірі отбасынан басталады, азамат болып қалыптасуы да осында өрбиді. Отбасы- сүйіспеншіліктің, құрмет пен ынтымақтастықтың ошағы, қоғамның діңгегі. Осы мерекеге орай Шымкент қаласындағы №49 ЖОББМ педагог- психологтары Ш.Сарсенбекова мен А.Мамешованың арнайы құттықтау дайындады. Сондай-ақ, осы мектептің 3"и" сынып оқушылары С.Алихан,Д.Мисиралиев,Н.Керімбай,М.Оңдасын өз отбасыла
рын мақтан тұтатындықтарын айтып, жылы лебіздерін білдіріп, арнайы бейнеролик түсіріп, жолдады.